Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл!ММУ Қазақстан филиалына 20 жыл!
|
|
Басты іс-шаралар
12–16 сәуір 2021 ж.
Еуразиялық жастар форумы: «Еуразия – ынтымақтастық, бейбітшілік пен келісім кеңістігі». Филиал мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Студенттік кеңесі өткізеді
Сәуір-мамыр, 2021 ж.
Халықаралық ғылыми конференциялар
- «Қазіргі заманғы сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» – 23 сәуір 2021 ж.
- «Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы» – 30 сәуір 2021 ж.
- «Қазақстан Республикасының аймақтары мен қалаларының экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы» – 12 мамыр 2021 ж.
- «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі кезең» – 14 мамыр 2021 ж.
- «Қазіргі кезеңдегі іргелі және қолданбалы математика мәселелері» – 4 маусым 2021 ж.
Мамыр, 2021 ж.
Ұжымдық монография шығару «ММУ Қазақстан филиалының ғалымдарының еңбектері» , Филиалдың 20-жылдығына арналады
Қазан, 2021 ж.
Ғылыми студенттік конференция
Конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған ММУ Қазақстан филиалының 20-жылдығына арналады.
Конференцияның бағдарламасында:
- Студенттердің ғылыми жұмыстарының қорытындысы
- Дөңгелек үстел «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан: тарих, даму, жетістіктер»
- Ғылыми студенттік конференцияның секцияларының отырыстары
Өткізілу орны: Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті –Елбасы Кітапханасы
ММУ факультеттерінің іс-шаралары
«Мәскеу университетінің Қазақстан үшін ашық лекторийі»
Мәскеу университетінің жетекші ғалымдарының, факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің , ғылым мен білім берудің өзекті мәселелеріне арналған 20 дәрісінен тұратын цикл.
Мерейлі жыл бойына, дербес кесте бойынша
Өткізу формасы: онлайн
Конкурстар
Наурыз-қыркүйек, 2021 ж.
Студенттер мен магистранттардың ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысына арналған конкурс
Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналады.
1 наурыздан 15 мамырға дейін 2021 ж.
Студенттердің «Қазіргі Қазақстан: тарихы, дамуы, қол жеткен табыстары» тақырыбына арналған үздік жұмыстарының конкурсы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған іс-шаралар циклының аясында өткізіледі және студенттер мен магистранттардың ғылыми-шығармашылық жұмысын ынталандыруға арналады.